"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
30.09.2022 «Қарияларымыз-қазынамыз»

Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 1қазан-Халықаралық қарттар күні қарсаңында мерекелік іс-шара өткізілді. Кешке кітапханада әр жылдары қажырлы еңбек еткен құрметті зейнеткерлеріміз шақырылды. Мерекелік дастархан басында өнегелі әңгіме айтылып, әннен шашу шашылды. Естеліктер мен жылы лебіздерге толы керемет жүздесу болды. Кеш соңында ұжым басшысы Қазына Байсабекқызы қонақтарға жүрекжарды тілегін, алғысын білдіріп, сый-сияпат көрсетілді.

30.09.22 1

30.09.22 1