"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
26.09.2022 ж. Кітапхана-руханияттың алтын көпірі

Қаладағы колледждер мен орта мектептердің 1 курс студенттеріне арналған «Кітапхана – руханияттың алтын көпірі» тақырыбында ақпарат күні өткізілді. Бұл шара бірінші курс студенттерін кітапхана жұмысымен, оның бай тарихымен, кітапхана бөлімдерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған.

Ақпарат күні кең көлемді, мазмұнды жоспар аясында өтті. Бірінші курс студенттерін кітапхананың барлық бөлімдерінің жұмысымен таныстырдық. Екінші қабатта өткен экскурсия барысында «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында биыл бүкілхалықтық оқуға ұлт ұстазының 150 жылдығына орай таңдалған Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын паш еткен кітап көрмесімен таныстырдық. Абонемент бөлімінде студенттер «Тәуелсіздіктің дара жолы» жылдың басты көрмесімен таныстырылып, Нәзипа Құлжанованың туғанына 135 жыл толуына арналған «Алаштың қайраткер қызы» атты көрмедегі әдебиеттерге шолу жасалды. Сондай-ақ жерлес ақын Сырбай Мәуленовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Сырлы өленнің Сұлтаны» көрмесі көрсетіліп, ақынның мол мұрасымен ой толықтырды.

26.09.22 1

26.09.22 1

26.09.22 1

26.09.22 1