Биылғы жылы көрнекті қоғам қайраткері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл. Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт жазуының реформаторы, қазақ тіл білімінің атасы, ұлттық мектептің іргетасын қалаушы Ұлы ұстаз. Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы әуелі қазақтың ұлттық жазуын графикасын жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» (Төте жазу) дүниеге келген, екінші – сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойғаң бұл үшін «Тіл құралды» жазған.
19.09.2022 ж. «Тіл білімнің діңгегі»