Өнер бөлімінде облыстық «Қостанай таңы» басылымының 100 жылдығына арналған «Ақпаратты басылым — рухани қорегің» тақырыбында Мұрат Жүнісұлымен сұхбат өтті. Басылымның Арқалық қаласындағы меншікті тілшісі— ақын, сатирик, тілші Мұрат Жүнісұлы еңбек жолдарынан тұшымды әңгімелер айтып, өз өлеңдерінен, сатираларынан үзінділер оқып берді.























