Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жыл сайынғы Жолдауын жариялады,
Осыған орай 7 қыркүйекте «Арқалық қаласындағы № 2 ОӘҒК» КММ ұжымында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жолдауы талқыланды.
К.Б. Бөрібаева іс-шараны Президент Қ. Тоқаевтың кіріспе сөзін арқау ете отырып бастап, Басшының орынбасары Р.Ж. Жанғалиева саяси құрылымдағы өзгерістер ел экономикасына да, қазақстандықтардың жалпы әл-ауқатына да оң әсер ететінін атап өтті. Іс-шара аясында Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша кітапхана қызметкерлері С.А. Алматова, А. Т. Торгаева, А. А. Тануева, Г. К. Сейтхожина, Р. А. Грибовский баяндама жасады.
Кітапханашылар Президент Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша пікір алмасты. Әділ Қазақстанды құруда Президент Қ.К. Тоқаев қазақстандықтарды бір мүддеге топтасуға үндеп: «Барлық отандастарымды жалпыұлттық мүдделер төңірегінде топтасуға шақырамын. Біз әрқайсымыз бірлікті жан-жақты нығайтып, әділеттілік қағидаттарын берік ұстанатын күшті және табысты ұлт боламыз» деген болатын. № 2 ОӘҒК ұжымы Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдайды, өйткені бүгінгі таңда еліміздің одан әрі жаңғыруы, тиімді дамуы мен болашағы халықтың бірлігі мен бірлігіне байланысты.