"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
01.09.2022 ж. Білім күні-кітапхана бойынша экскурсия

1 қыркүйек Білім күні № 2 ОӘҒК дәстүрлі түрде оқушылар үшін таныстыру экскурсиясы өтті. Олар үшін Ашық есік күні дайындалды. Бағдарламаға мыналар енгізілді: кітапхана бойынша таныстыру экскурсиясы, кітап жаңалықтарына шолу, кітап көрмелерін қарау, кітапхана қызметтері туралы ақпараттық материалдарды тарату.

Кітапхана бойынша таныстыру экскурсиясы Ш.Уәлиханов атындағы № 1 ОМ 11 сынып және Абай Құнанбаев атындағы № 6 ОМ 7, 8 сынып оқушылары үшін өтті. Барлық бөлімдердің кітапханашылары оқушыларға кітапхананың тарихы мен жұмысы туралы айтып, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына «Ұлылар мұрасы-ұрпаққа өнеге» , «Жыл таңдауы-Ахмет мұралары», «Қазақ халқының ұлы көсемі» атты кітап көрмелеріне шолу жасады. Абонементте кітапханашы Г. Карбозова балаларға кітапхана ережелері, алфавиттік және жүйелі каталогтар не үшін қажет екендігі туралы айтып берді, «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша кітап көрмесіне шолу жасады. Сервистік-ақпараттық сектордың меңгерушісі Р. Грибовский кітапханадан алуға болатын қызметтер туралы айтты. Бұл Интернет- қызметтерді ұсыну: кез келген қызықтыратын ақпаратты алу мүмкіндігі, кітапхана қорының ксерокөшірмесін жасау, компьютерде өз бетінше жұмыс істеу, мәтінді теру және редакциялау, презентацияларды ресімдеу, құжаттарды сканерлеу және т. б.

«Білім орталығы» орталығының кітапханашылары барлық жастағы оқушыларға арналған әдебиеттер ұсынылған ақпараттық-көрме безендірді. Жарқын, көркем энциклопедиялар, оқу құралдары, анықтамалықтар кітапханамыздың көптеген оқырмандарының назарын аударды. Қатысушылардың әрқайсысы пайдалы ақпарат алды. Көрме үлкен қызығушылық тудырды және күні бойы жұмыс істеді.

Кітапханашылар балаларды білім күнімен құттықтап, оқуда табыс және көтеріңкі көңіл-күй тіледі.

02.09.22 1

02.09.22 1