"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
10.08.2022 ж. "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы...»

Қазақстанда 10 тамыз Абай күні ретінде атап өтіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы қаулысымен бұл күн Абай күні деп жарияланған болатын.
Осы орайда кітапханамызда жоспарлы түрде  Абай күніне арналған іс-шаралар өткізілуде . Атап айтсақ: "Абай әлемі-мәңгілік" кітап көрмесі, көрме бойынша шолулар, Абай шығармашылығы бойынша викториналар  жүргізіліп,  ақын өлендерінен үзінділер оқылды.
Біздің кітапханада жыл сайынғы дәстүрлі әдеби бульварларды өткізу игі дәстүрге айналды  Ағымдағы жылы да Әдеби бульварға шыққан болатынбыз. " Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы..." тақырыбындағы әдеби бульвар демалыс саябағынан бастау алды.
Әдеби бульварда  Абай шығармашылығына  арналған "Абай әлемі – мәңгілік" кітап көрмесі  таныстырылып, кітапханашылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы, оның шығармашылығына тән ерекшеліктері  туралы қызықты деректермен  бөлісті.  Әдеби бульварға  қатысушылар  автордың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жастар Абай шығармашылығына арналған викториналар мен сын сауалдарға белсенді жауап берді.
Ұлы Абайдың артында  тамаша туындылар қалды. Олар оның бүкіл өмірін, жарқын болашақ туралы армандарын бейнелейді. Оның жалынды өлеңдері мен дана" Қара сөздері» " ешқашан өзінің құндылығын жоғалтпайды.

10.08.22 1

10.08.22 1

10.08.22 1