"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кто создан из камня, кто создан из глины»

2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында М.Цветаеваның туғанына 125 жыл толуына орай «Кто создан из камня, кто создан из глины» атты ақындық көңіл-күй кеші өткізілді. Оған Арқалық қаласының №2 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Цветаеваның мұрасы ұлы және қиын шолу. Оның он үш кітаптары шығарылған және қайтыс болғаннан кейін шыққан үш кітабында ғана өзі жайлы аз бөлігіне арналып жазылған. Басқа бөлігі басылымдарға шашылып қолжетімсіз болып қалған. Көбісі басылып шығарылмай қалған. Цветаеваның лирикадан басқа , он жеті поэмасы, сегіз драмалық өлеңі, автобиографиялық, мемуарлық, тарихи-әдеби және философиялық прозалары шығарылған. Цветаеваның мол мұрасы сан қырлы. Ол өзінің басынан қиын сәттерді де өткізген күндері болған. Бірақ Марина Цветаеваның ең үздік өлеңдері мен поэмаларысыз қазірдің өзінде өткен ғасырдың орыс поэмасын толық және түсініп құрастыру мүмкін емес.


Цветаеваның өшпейтін шығармашылығы: жарыққа ұмтылуға, толыққанды өмір сүруге, өлімге қарсы тұруға
, надансыздықпен күресуге арналған. Бұл адами құндылықтары оның шығармашылығын мәңгілік өлмейтін етіп жасады. Марина Цветаеваның кеші музыканың сүймелдеуімен оның өмірі, махаббаты, шығармашылығы слайдтар мен видороликтер арқылы көрсетілді. Цветаеваның өлеңдері тыңдаушылардың көңілдерін толқытты. Кеште Марина Цветаеваның өлеңіне жазылған тамаша өлеңдер мен әндер көп айтылды. Марина Цветаева «Моим стихам, как драгоценным винам, настанет свой черед»атты өлеңін өте жас кезінде жазған. Оның сәуегейлігі орындалды.


Қазір Цветаеваның поэзиясы ХХ ғасырдың орыс әдебиетінен ерекше орын алады.


Кеште ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптарға шолу жасалып, оның туындыларын көрсетумен аяқталды..