"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
СПИД – ғасыр дерті

     Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жыл сайын атап өтілетін 1- желтоқсан Халықаралық ЖИТС-мен күресу күніне арналған кездесу өткізілді. Кездесуге Арқалық өңірлік емханасының эпидемиолог-дәрігері В.Н.Саяпин шақырылды.

 

     Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бойына өз өміріне және қауіпсіздігіне деген сезімді қалыптастыру, АИТВ және ЖИТС туралы объективті ақпарат беру.

 

  Кездесуге Арқалық көпсалалы колледжінің теміржол факультетінің 1 курс студенттері жетекшілері А.Тұрғыновамен бірге келді. В.Н.Саяпин өзінің сөз төркінін бұл ғасыр дертінің тарихымен бастады. Ол бұл аурудың елімізде бұрыннан континенттен,  шектен шығып кеткенін айтты. ЖИТС адамдардың әлеуметтік жағдайына нәсілдік және жыныс ерекшеліктеріне  қарамайды. Бұл барлық адамзатқа қауіпті, одан ешқайда құтылып кете алмайтыны жөнінде айтты.

 

  Эпидемиолог-дәрігер  В.Н.Саяпин мультимедия арқылы АИТВ-індетінің алдын алу жолдары туралы ақпараттармен, мағлұматтармен студенттерді жете түсіндірді. Студенттерге ЖИТС мен АИТВ-нің айырмашылығы, АИТВ-індетін жұқтыру жолдары, одан өзіңді және отбасыңды қалай қорғауға болатыны туралы түсіндірілді. Бұл іс-шара  тақырыбы аудиториядағы студенттер үшін өзекті мәселе болды. Студенттер дәрігер маманға көптеген мынадай сұрақтар қойды: біздің қаламызда АИТВ-індетінің жағдайы қалай, АИТВ-індетін тарату қылмыстық жауапкершілікке жата ма, АИТВ-індетін жұқтырғандарда бала осы аурумен туыла ма, Арқалықта осы АИТВ-індетін жұқтырған аурулармен кім айналысады, олар қанша уақыт өмір сүреді? Студенттер В.Н. Саяпиннен осы және басқа да сұрақтарға түгелдей жауаптарын алды. Әңгіме өте қызықты, мазмұнды және пайдалы болды. Кеш соңында студенттерге «СПИД – ғасыр дерті» атты электронды тұсаукесер өткізілді.