Газет-журнал тарих сындарынан сүрінбей өтіп, біздің заманымызға дейін жеткен адамзаттың ең асыл рухани қазыналарының бірі. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек» деген. Сөздің ұлысы – тарих болса, газет – тарихтың бірінші көзі. 25 маусымда өңіріміздің басты басылымы «Қостанай таңы» газетінің шыққанына 100 жыл толады. 100 жылдық тарихында «Қостанай таңы» газеті елдегі игі жаңалықтар, танымдық мақалалармен қатар асыл дінімізді дәріптеп, руханиятымызды түгендеп келе жатқан басылым. Төл басылымның 100 жылдығына орай Арқалық қаласындағы № 2 ОӘҒК оқу залында «Мен оқыған газет» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы, Аманат партиясының Арқалық филиалы жанындағы Штаб төрағасы – Сабыржан Тасмағанбетов, Қоғамдық комитеттің төрағасы – Арыстан Айтмағанбетов, «Қостанай таңы» таңы газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жүнісұлы және кітапханамыздың тұрақты оқырмандары зейнеткер Мырзахан Сейдахметұлы мен Бөлтірік Мыржықов қатысты.
22.06.2022 ж. Газет-журнал тарих сындарынан сүрінбей өтіп, біздің заманымызға дейін жеткен адамзаттың ең асыл рухани қазыналарының бірі