"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Қызықты көңіл, студенттік өмір!

Студент – қандай да бір жеке тұлға. Ой-санасы дамыған, ел болашағының тізгінін ұстауы үшін өз алдына бір мамандық иесі боламын деп үлкен мақсат қойған индивид. Яғни, өз ұстанымын анықтаған, алдына қойған айқын мақсаты бар адам. «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дейді қазақтың данасы М.Әуезов.

Бесіктен белі шығып, ананың ақ сүтімен әлдиіне, ыстық алақанына құмарланып, оны бір жыл бойы сол отбасының жанында, яғни кіші отбасында бойына ұлтжандылықтың, Отан сүйгіштіктің, патриоттық тәлім тәрбиенің құндылықтарын сіңірген жас буын иесінің, үлкен өмірге аяқ басып, ата-анасынан жырақ, яғни басқа қалаға білім нәрімен сусындауға келіп, студент атанған, қаймағы бұзылмаған уыздай сүттің болашақ сол сүт болып қалуына немесе сол сүттен ашыған салып, ащы айран етіп алу да осы студент кездің үлесінде екен.

«Студент болу - жас адамға бақытты болу деген сөзбен тең» - деп Тұманбай Молдағалиев ағамыз айтқандай Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық – сервистік қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 17- қараша халықаралық студенттер күніне орай «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты әдеби музыкалық кеш өткізілді. Кешке Арқалық қаласындағы Торғай агро-техникалық колледж студенттері қатысып, өз қоржындарынан ән –шашу тарту етті.

Сондай – ақ, Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факултетінің 4-курсс студенті Қасымхан Ажардың орындауында әсем әнін паш етті және де кітапханамыздың жас маманы оқу залының кітапханашысы Көшкінбай Сымбат Мұратқызы «студент» атты көркем сөз оқып, музыкант Мейрамұлы Бекзаттың қылқалам туындысы «Студенттік өмір» атты қара өлені оқылды. Болашағын бағамдап, күш-қайратын білімге, өнерге жұмсамақ болып келген, талабы таудай қыз-жігіттер де білім беру ошағында жетерлік.

Мемлекеттің сапалы, саналы, бағалы бөлігі осындай жастардан шықса керек, сірә! Жастар ресурстық орталығының директоры Ахметжанов Аманкелді Серікұлы жастармен пікір алмасып, жастарды болашақ Қазақстанның іргетасын берік қалауда оның әрбір құмын, кірпішін, тасын Отанға деген сүйіспеншілікпен, елге деген ерлікпен, өр рухпен ұстап сезінуге шақырды. Сондай –ақ кішігірім сый сияпат көрсетілді. Кешіміздің қортынды сөз кезегі әсем әнмен жалғасын тауып, естелік суретке тусіп, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.