"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
21.06.2022. «Нашақорлық – қоғам дерті»

26 маусым-Халықаралық нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресу күніне орай «Нашақорлық – қоғам дерті» атты шок көрмесі оқырмандарға ұсынылды.Осы тақырыпқа сай оқу залы бөлімінде ұйымдастырылған кітап көрмесі және есірткінің адам өміріне зияны туралы ақпараттармен таныстырылды. Ұсынылған медициналық,әлеуметтік,құқықтық және психологиялық мәселелерге жауап беретін нашақорлықтың алдын алу және зияны туралы басылымдардан жасақталған көрме маусым айының соңына дейін жалғасын табады.