"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ұлттық теңге – мақтанышымыз»

Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекше. Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі – төл валюта – теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады.

1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің  авторы  болу  бақыты дизайнерші  Тимур Сүлейменов, қылқалам  шеберлері  Қайролла  Ғабжалилов, Мендібай  Әлин мен  Ағымсалы  Дүзелхановтың  үлесіне тиді.Олар Ұлыбританияның  дымқыл ауасын жұтып, үлкен  еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Осы тарихи күннен бастап 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні деп аталады.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Осы мереке қарсаңында Арқалық қаласындағы Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімінде  14 қараша Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық теңге – мақтанышымыз» атты брейн- ринг іс-шара өткізіліп, ұлттық валютамыз туралы мәлімет беріліп, экраннан слайд – шоу көрсетіліп, теңгенің шығу тарихы туралы бейнебаян көрсетіліп,сайыс ұйымдастырылды. Ондағы мақсат Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру, ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру.
Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру. Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту. Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Кешіміздің қортынды сөз кезегін кітапхананың оқу залының меңгерушісі  Нұрманова Алма Жақсылыққызына беріліп,сайыскерлерге кішігірім сый сияпат табысталды. Іс-шарамызға Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің БМ-12 топ студенттері қатысып, ұлттық теңгеміз жайлы  көптеген мәліметтер алып, көтеріңкі көңіл күймен естелік суретке түсті.