"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
15.06.2022 ж. "Раушан бөбекжайы" МКҚК қызметкерлерімен "Бізде темекі шекпейді" ақпараттық сағаты өткізілді

"Раушан бөбекжайы" МКҚК қызметкерлерімен "Бізде темекі шекпейді" ақпараттық сағаты өткізілді. Іс-шара "Библиоплюс" жобасы аясында өтті. Мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шарада темекі шегудің адам денсаулығына зиянды әсері туралы егжей-тегжейлі айтылды, темекі шегудің кейбір аурулармен байланысын растайтын көптеген ғылыми зерттеулер мен клиникалық бақылаулар келтіріліп, бұл тәуелділікті жеңуге арналған кеңестер берілген.

Денсаулықты сақтау керек, оны темекі түтінінде ерітпеңіз. 31 мамыр Дүниежүзілік темекі шегуден бас тарту күні.

Бұл күн 2022 жылы "темекі-қоршаған ортаға қауіп" ұранымен белгіленді. Темекі бұл тек зиянды әдет қана емес, бұл жыл сайын 8 миллион адамды өлімге душар ететін әрекет. Темекі кесірінің салдарын насихаттау арқылы адамдардың одан бас тартуына себепші болайық.

Іс-шара осы тақырып бойынша дайындалған кітап көрмесіне шолумен аяқталды.

15.06.22 1