"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Қуанышбай Жұмабайұлының «Ұрпаққа ұлағат» жаңа кітабының тұсау кесері өтті

«Торғай топжарғандары» жобасымен, «Өмірі ұрпаққа өнеге» тақырыбында жерлесіміз, Торғай өлкесінің тумасы, еңбек ардагері, шежіреші, өлкетанушы—фольклорист, қажы— Қуанышбай Жұмабайұлының «Ұрпаққа ұлағат» жаңа кітабының тұсау кесері өтті.
Жаңа кітапқа презентация жасалды. Тұсау кесерге кітап авторының жұбайы, балалары, немерелері, туыс—туған, дос, жора —жолдастары қатысты. Арқалық қаласы «Ардагерлер» кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы, өлкетанушы—Шөптібай Байділдаұлы, БАҚ—нан тілші, журналисттер қатысты. Жаңа кітаптың тұсауын автор—Қуанышбай Жұмабайұлының жұбайы—Рузия апа мен Қуанышбай ағаның жиені — Сәулеш Сапабекқызы кесті. Кітаптың төрт бөліміне тоқталып, әр бөлімге анықтамалар берілді. Бірінші бөлімге Қуанышбай ағаның інісі—Кәкен ағай, екінші бөлімге өлкетанушы—Шөптібай Байділдаұлы, үшінші бөлімге автордың сыныптас досы—Жеңіс ағай тоқталып, әр бөлімнің ерекшеліктеріне естеліктер айтты. Шөптібай Байділдаұлының бұрынырақта «арқа дидары» теле арнасында ұйымдастырған «Ардагерлер» хабарын жүргізгенде Қуанышбай Жұмабайұлының көзі тірісінде жеке сұхбат алғаны дискда сақталған екен, содан үзінді көрсетілді. Іс—шара соңында Астанадан келген құрметті қонақ, Қуанышбай ағаның тұңғыш баласы— Мәлік Қуанышбайұлы сөз алып, әкесі жайлы естелік айтып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, рахмет айтты. Кітапхана қызметкері Еркінғазы Айтбаев автордың «Ұрпаққа ұлағат» өлеңін оқыса, Қуанышбай Жұмабайұлының немерелері — Томирис пен Жанайым «Әкенің орны бөлек»(Сөзі мен әні —Дулат Қайқас), «Алғыс»(әні—Ж.Төлебай, сөзі— Е.Әбілда) әндерін орындады. Іс—шара соңында кітапхана басшысы— Борибаева Қазына Байсабекқызы қатысушы қонақтарға алғысын айтты.

14.06.22 1

14.06.22 1

14.06.22 1

14.06.22 1

14.06.22 1

14.06.22 1

14.06.22 1

14.06.22 1