"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Арқалық қаласындағы №2 ОӘҒК жазушы И.А.Гончаровтың туғанына 205 жыл толуына орай портреттік кеш өтті

 

2017 жылы 19 ғасырдың ең ірі жазушы-романисттерінің бірі Иван Александрович Гончаровтың туғанына 205 жыл толады. Осыған орай «Путешествие писателя» атты портреттік кеш ұйымдастырылды.

Кешке көпсалалы колледждің 1 курс студенттері шақырылды.

Иван Александрович Гончаровтың есімі орыс әдебиетінде Гоголь және Тургенев, Толстой және Достоевский есімдерімен қатар тұрады. Ол осы қатарда тұрып, өз өмір жолында орыстың нағыз классигі ретінде танылды, әдебиетке ол нағыз жетілген адам болып келді және оқырмандар алдында қалыптасқан шебер ретінде танылды.

Кеште жазушының өмірбаяны және шығармашылығы дыбыстық сүйемелдеумен слайд арқылы таныстырылды. Осындай слайдтарды қолдану тындармандардың үлкен қызығушылығын арттырды. Кеш жүргізушісі кітапханашы И. Воронова атақты жазушының саяхаты туралы қызықты етіп әңгімелеп берді. Гончаров 35 жасында «Паллада» атты үшдіңгекті желкенмен жер шарын жүзіп өтті. Саяхаты туралы сипаттама «Фрегат Паллада» атты деректі кітаптың негізіне енді.

Кеш соңында қатысушыларға жазушының шығармашылығы туралы викториналық сұрақтар берілді. Кеш кітаптарға шолу жасау арқылы аяқталды.