"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті оқырман қауым!


Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы Оқу залы «СЫРБАЙДЫҢ СЫРЛЫ ӘЛЕМІ» атты көрікті көрмені көруге, келіп көңіл бөлуге шақырады.


Бұл керемет көрме көрнекті ақын, Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Сырбай Мәуленовтың 95 жылдығына арналып отыр.


Сіз, көрмеге келе отырып оны өз көзіңізбек көре отырып Сырбайдың сырлы да сымбатты жыр әлеміне саяхат жасайсыз.


Саяхат барысында Сырбай ақынның сан қилы талантына тәнті етер тамаша туындыларымен жақын танысып тамашалайсыз.


Байқауға қатысушы жаңашыл көрменің жанашырларына көрменің үш бөлімді қамтитынын құлаққағыс етеміз.


Ендеше, ол қандай бөлімдер екенін білгілеріңіз келсе, көріктілігіне көз жеткізгілеріңіз келсе қапы қалмаңыз.



БІЗ СІЗДЕРДІ ШАҚЫРАМЫЗ. КЕЛІҢІЗДЕР. КӨРІҢІЗДЕР!

БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗДАР.

СІЗДЕРДІҢ ҚОЛДАУЛАРЫҢЫЗ – БІЗДІҢ ЖЕҢІСІМІЗ!



Біздің мекен жайымыз: Арқалық қаласы, Абай даңғылы 62 үй, ОҒӘК-сы, 3 қабат, оқу залы бөлімі. Тел: 7-09-16. сот.87025412276.