"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
31. 05.2022 ж. «Қасіретті жылдар жаңғырығы»

Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының оқу зал бөлімінде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: азаттық жолында және ашаршылық қасіретінен, құрбан болған бабаларымызды еске алу, рухына тағзым ету. Бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына әр кітап арқылы тарихи шындықты жеткізу, бойына отансүйгіштік, елжандылық һәм ұлтжандылық қасиеттерді сіңіру.

Көрмеге жазықсыз жапа шегіп, Кеңес өкіметінің «күштеу саясаты» салдарынан жаппай аштыққа ұшыраған қазақ халқынның аянышты тағдыры, зұлмат жылдары елі мен жерін тастап кетуге мәжбүр болған, қандастарымыздың басынан кешкен тауқыметі жайлы баяндайтын құрастырушысы Берік Әбдіғалиұлының 2021 жылы шыққан « Ашаршылық. Голод» атты көп томдығы, ХХ ғасырдың 30-жылдардағы ұжымдастыру кезеңінде орын алған аштықты өз көзімен көрген кәгерлер мәліметтері берілген «32-нің зұлматы», Зияда Ижановтың «Жаралы жылдар», Халық Сейткемеловтың «Шұбырынды қанды босқын», М. Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар ақиқаты», «Сары кіттап», «Қазақ қалай аштыққа ұшырады», Талас Омарбековтың «Зобалаң» және «Ашаршалық» атты т.б. әдебиеттері, Алаш партиясының қатарында болған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, X.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ж.Арыстанұлы т.б. ұлт зиялыларының шығармаларымен қатар баспасөз беттерінен материалдар да қойылды.

31.05.22 1