Ақын және аудармашы, әдебиеттанушы, түркітанушы, тіл жанашыры, саясаткер, Алаш көсемінің туғанына 150 жыл толуына арналған «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлы тұлға» тақырыбында әдеби бульвар өтті.
Биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша жыл тандауында Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-әдеби шығармасы таңдалған болатын, осы орайда ұлт ұстазын ұлықтаған шаралар жалғасуда.
Шара қаланың ең көрікті орыны – Махаббат саябағында өтіп, ақынның мерейтойына арналған «Ұлт жанашыры» кітап көрмесі түрлі-түсті безендіріліп, жазушы шығармашылығына арналған баннер орнатылды.
Абонемент кітапханашылары саябақта А.Байтұрсынұлының мерейтойына орай нағыз кітап мерекесін ұйымдастырды. Жиналған қауымды жазушы-ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасымен таныстырып, көрмедегі әдебиеттерге шолу жасалды. Мұнда жазушы шығармалары бойынша викториналар, әдеби ойындар, дауыстап оқулар да өткізілді.
Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдеріне көп көңіл бөлінді. Бұл акцияға Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері белсене қатысып, А.Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқып, ұлы тұлғамыз жайлы өз деректерімен , ойларымен бөлісті.
Осы акция арқылы жастар, студенттер ғана емес, аға буын да атақты жерлесіміздің еңбегін біліп, бағалап, жақсы көретініне куә болдық.
Шара барысында әдеби бульварға қатысушылардың ізгі тілектерін білдірді, естелік суретке түсіп, әдеби бульварға деген қызығушылықтарын білдірді.
Туған жеріміз Торғайда туып-өскен Ахмет Байтұрсынұлы сынды біртуар тұлғаның сан қырлы шығармашылығымен таныстыру құрметіне ие болғанымызды мақтан тұтамыз.
«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлы тұлға»