"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
26.05.2022ж. күні Әдістеме-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітапханалардағы жоба жұмыстарының дамуы» тақырыбында аймақтық зерделі кеңес өткізді.

Зерделі кеңестің мақсаты: жоба барысында кітапханаға жаңа оқырмандар тартылып, оқу мәдениетін қалыптастыруға, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, кәсіби бағдар беруге, кітапханалар кітап пен оқуды ілгерілету бойынша зор тәжірибе жинақтау.

Зерделі кеңеске Жанкелдин ОКЖ, Аманкелді ОКЖ, Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері қатысты. Зерделі кеңесті Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Әубәкіров Түбекбай Ғапсалықұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Кеңес барысында әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі Ахметжанова Әсем Қабдуалиқызы «Жобалық жұмыстардың мәні мен мағынасы», абонемент бөлімінің меңігерушісі Абаканова Назира Нұрсұлтанқызы «Жоба идеямын таңдау. Мәселені анықтау және сипаттау. Мақсатты топтарды белгілеу», балалар әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Есмағамбетова Сандуғаш Қазыбекқызы «Жоба тиімділігі, нәтижелерді бағалау», өнер секторының меңгерушісі Аубакирова Әлия Қарсақбайқызы «Қайнар бұлақтан нәр алғандар», библиограф Көшкінбай Сымбат Мұратқызы «Өз өлкеңді танып біл!» - «Киелі Торғай» жобасы аясында, балалар әдебиеті секторының меңгерушісі Абжанова Жұлдыз Қасымбекқызы «Кітап оқуды дасыту жобалары», Оқу залы бөлімінің меңгерушісі Алматова Сәуле Ахметқызы «Дәстүр сөйлейді» жобасы жас ұрпақты өнеге мен ізгілікке шақырады» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды. Оқу залы бөлімінің жоба жұмысы бойынша «Ұлы ұстаз ұлағаты» тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған тұлғатану айдары бойынша іс- шара ұсынылды. Аймақтан келген кітапханашылар арасында жоба жұмыстары бойынша сұрақ-жауаптар туындалып іс-тәжірибелер алмасты.

27.05.22 6

27.05.22 6

27.05.22 6

27.05.22 6

27.05.22 6

27.05.22 6