Арқалық қаласындағы № 2 ОӘҒК "Кітапхана түні-2017", "Туған жерге деген сүйіспеншілікпен ..." - " С любовью к родной земле..." деген атаумен аталып өтілді. Кітапхана арқалық тұрғындарына құшағын кеңінен ашып, түн ортасына дейін созылған қызықты да тылсым әлеміне тартты. Мерекенің ашылу салтанаты 18.00-де басталды. Фойеде қонақтарды ертегі кейіпкерлері күлімдеп қарсы алып "Кітапханадағы түн-2017" арналған бағдарламаларын таратты.
Сағат 18-ден 22 дейін кітапхананың барлық бөлімдері жұмыс істеді: кешке келген оқырмандар кітап тапсыруға және алуға, уақыт асырып кітаптарын қайтара алмай жүрген борышкерлерге арналып өткізілген "Қайтар, мен бәрін кешірем!" атты рақымшылық акциясына қатысуға мүмкіндіктер алды. Осы кеште кітапханаға жазылған әрбір оныншы оқырманға сыйлықтар берілді.
Кітапхана түні кітапхана фойесінде – жас кітапханашылармен дайындалған флешмобтан басталды. Кітапхана өзінің сүйікті түн-оқырмандарына дәруменді жақсы көңіл-күй, минералды- позитивтік қарым-қатынас, микроэлементтік шығармашылық және тез меңгеретін пайдалы білім көздерін дайындады.
Бағдарламада :
Әдеби жиынтығы:
- Поэзия кеші "Дәуірдің ұлы, ғасырдың үні" (М. Шахановтың 75 жылдығы);
- Көрме-викторина "Тыңынан текті Торғай туған қала" (Ко дню города-қала күніне арналған)
- Библиовикторина "Жазушымен бірге сәттілікті жіберіп алма "
- "Кітаптар деликатесы" Жаңа әдеби дәм тату
- Әдеби-косметикалық салоны "Кітап және косметика"
Кітапханалық калейдоскоп:
«Ардагерлер – тұнған шежіре» Ретро-кеші (кітапханалық іс жөнінде ардагерлермен кездесу)
- Кітапханалық отырыс «Дастархан үстінде көңілді де әрі сергек отырамыз!»
Кітапхана ардагерлеріне арналған кітапханалық концерті
Кітапханалық дүңгіршік «Мейірімді кітаптар – мейірімді қолға!»
«Қайтар, мен барлығын кешіремін!» акциясы (Кітапхана борышкерлеріне рақымшылық)
Акция «Досыңды кітапханаға жаз»
Кітапханалық калейдоскоп:
Ғажайып-маркет "шарлар әлемі"
Әдебиет салоны «Сырбайдың сырлы мекені»
Арнау кеші - "Қазақ жырының тұлпары"
(С. Мауленов 95-жылына орай)
Информ-алаңы "Түнгі әлемі ақпараты"
Қымызхана "Сіздің сұрақтар - біздің жауаптар"
Әдеби лото "Жыл жаңалықтары"
Акция-викторина "Бір ел-бір кітап - 2017"
Библиобутик "Мейірімді-пайдалы кеңестер", және тағы басқалар.
Жаңадан жазылған оқырмандарды тарту үшін, кітапхана қызметкерлері көптеген іске нық, дайын. Бұл түні келушілерге тыйым салынған есіктер дәстүрлі түрде ашылып, әрдайым тыныштық орнаған залда музыка ойнап тұрды, ал абонемент бөлімінде тіпті дискотека жүргізілді.
Кейбір қонақтар кітапханаға кітап рақымшылығын пайдалану үшін келгендерін жасырмады. Белгілі болғандай, бұл адамдар – кітапты уақытылы қайтару кестесін "бұзушылар" болып шықты. Ереже бойынша, әрбір кешіктірілген күн үшін "тәртіп бұзушыларға" ақылық ақшалай айыппұл салыну керек. Бірақ қазір, акция кезінде қарапайым ереже жұмыс істеймейді, және барлық қарызы кешіріледі. Моральдық кітап қарызынан босаған соң, келушілер таңғажайып кітап әлеміне сапар шекті.
Жоғарғы екінші қабатқа баспалдақпен көтеріліп келе жатып, келушілер (арнайы осы мақсаттар үшін қабырғаға ілінген плакаттар) өздерінің тілектері мен көрген әсерлерін жазуға мүмкіндіктері болды.
Әрбір оқырман өз қызығушылығын оятатын, өзіне таныс, жан дүниесіне жақын нәрсені тандасын деп, барынша көлемді әр түрлі бағдарлама дайындадық. Және, сол уақытта қазіргі заманғы технологиялар, өзекті трендтер мен жаңа көзқарастар таратуға және білім алуға назар аудардық. Мысалы, 3-ші қабаттағы фойеде "Шар-шоу" атты әуе шарларынан әртүрлі мүсіндер жасау шеберханасы ұйымдастырылды. Шардан әр түрлі фигураларды көріп – таң қаласың!
Өзінің жас аралығы аудиториясына арналған әр бөлімдерде синхронды іс-шаралар өтті. Оқу салондары, библиобутиктер, қымызхана, әдебиеттік лото, және тағы басқалары жұмыс жасады. Бұл қазіргі тұтынушыға үйреншікті жарнамалық тұздық: «білім көздерін кең түрде таңдау, жаңа әдебиет дәмін тату, ғылым гранитін тікелей жеткізу, оқу үшін стимуляторлардың әр түрлерін пайдалану. Әр келуші – оқу!».
Әсіресе, жаңа әдебиет дәмін алуға – қазіргі заманғы проза - халық сараптамасына адам көп жиналды.
Оқу залында және абонемент бөлімдерінде Мұхтар Шаханов және Сырбай Мауленов сынды зиялыларға арналған поэзия кештері болып өтті. Поэзия кешіне, шын мәнінде поэзияны жақсы көретін, бағалайтын, оқуды жалғастырып, өлеңдерін жатқа оқитын адамдар келді. Содан кейін "ақындық толқын" әсерімен жүрген көрермендер сүйікті өлеңдерімен, кештегі эмоцияларымен қуана бөлісті.
Кітапханалық дүңгіршекте буккроссинг сөрелері ұйымдастырылды. "Кітапханадағы түн" қонақтарына Арқалық қаласы тарихына арналып қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бергені үшін кітап сыйлау акциясы жүргізілді. Дүңгіршіктегі кітаптар әп - сәтте өтіп кетті.
Балалар үшін видеозал жұмыс істеді. Онда "Анамның балалық шағының мультфильмдері" атты жақсы да ескі мультфильмдер көрсетілді. Жас арқалықтықтар "Кітапхана қорқыныш бөлмесін" белсенді түрде аралады. Конкурстарға қатысып, ең көп жетондарды жинағандар, қаламызға арналған "Поле чудес" ойынын ойнады.
Фотосалон "Стоп-кадр" барлық іс-шаралар бойы жұмыс істеді. Тілек білдірушілер әдеби кейіпкер костюмін киіп, кітап көрмелер мен сүйікті кітаппен селфи жасады.
Негізгі бағдарламаға қосымша шағын , көңілді ойын-сауықтар дайындалды: конкурстар, лотереялар, онда, әрине, ғажайып ақпаратпен кітап ұтыс-ойындары болды. 25-тен астам әртүрлі нысандар мен мазмұн бойынша іс-шаралар: поэзия кеші, кітап сақтау экскурсиясы, кітапхана жаңалықтар презентациялары, кітап алмасу жәрмеңкесі, үстел ойындары, конкурстар, викториналар, мастер-кластартар, акциялар, музыкалық және би бағдарламалары өтті. Түн жастар би кешімен аяқталды.
Сонымен, "Кітапханалық түн" табысты болды. Бұған шебер таңдалған нысандар мен жұмыс тәсілдері, кітапханашылардың стандартсыз идеялары септігін тигізді. Олар оқуды қолдау, кітапқа деген қызығушылықтарын дамыту, сондай-ақ жаңа форматтағы бос уақыт өткізу формаларын ұсынуға бағытталды. "Кітапханадағы түн" негізгі аудиториясы - жастар. Жастар кітапханадан тамаша шығармашылық - демалыс аумағын көрді.
Қазіргі заманауи кітапхана - ол тек кітап қоймасы ғана емес, ал нағыз білім беру және ойын-сауық орталықтары. "Кітапхана түні" бұл туралы тағы бір рет еске салды. Ал жүздеген адам бұған көз жеткізді.