"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
24.05.2022 ж. Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні жыл сайын көктемде - 21 мамырда атап өтіледі

Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні жыл сайын көктемде - 21 мамырда атап өтіледі. Бүгін мерекеге орай жасөспірімендер театрында салтанатты іс-шара өтті, оған шығармашылық саланың өкілдері шақырылды. Қала әкімі Ә. Б. Асанов құттықтау сөз сөйледі: - Бізде кәсіби мерекелер көп, бірақ мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлерсіз бірде - бір мереке өтпейді, - деді қала басшысы. - Мен сіздерді шын жүректен құттықтаймын, зор денсаулық, бақыт, амандық тілеймін.

Қала әкімі кітап қорын толықтыру және өңдеу секторының кітапханашысы Ермағанбет Сәуле Ғалымжанқызына құрмет грамотасын және балалар әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Есмағамбетова Сандуғаш Қазбекқызына Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Е. Б. Қалмақовтың грамотасы табыстады.

№ 2 ОӘҒК ұжымы өз қызметкерлерін марапаттармен құттықтайды және зор денсаулық, амандық, шығармашылық шабыт, кәсіби қызметте жаңа жарқын жетістіктер тілейді.

25.05.22 13

25.05.22 13

25.05.22 13

25.05.22 13