31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» тарихи кеш өтті. Мақсаты: қазақ халқының тарихында қаралы нәубет боп жазылған ашаршылық қасіретін түсіну және елі үшін тер төгіп, еңбек етіп, шыбын жандарын қиған, жазықсыз жапа шеккен арыстарымыздың рухына тағзым ету. Бұл іс-шараға еңбек ардагері, зейнеткер Сейдахметұлы Мырзахан атамыз, Кейкі батыр атындағы № 4 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сұңғат Жұмабекұлы мен 10 сынып оқушылары, қаламыздағы Н.Құлжанова атындағы гуманитарлық колледжі мен политехниналық колледжінің студенттері қатысты. Кеш соңында «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты көрмеге шолу жасалынды.



























