"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
19.05.2022 ж. «Кітапхана-даналық мектебі»

Мәдениет пен өнер - қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Құлақтан кіріп бойды алар ән, күмбірлеген күй, әуезді әуенмен үйлесім тапқан ырғақты би, рухани байлық сыйлайтын кітапхана мен театр, сан-салалы өнер мен ғылым қоспасы – мұражай, бәрі де осы мәдениет ұғымының аясында тоғысып жатыр.
Атаулы мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында 2022 жылғы 19 мамыр күні кітапханамызда «Кітапхана-даналық мектебі» атты кітапхана күні аталып өтті.
Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін ескерсек, біздің рухани-мәдени тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі – кітапхана. Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының құнды сырларын сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы.
Кешімізге арнайы шақырылған қауым № 2 ОӘҒК-ның қызметкерлерін мәдениет пен өнер қызметкерлері күнімен құттықтау үшін жиналды.
Осы орайда, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерекелік және шығармашылық бағдарлама дайындалып, қала жұртшылығынан құттықтаулар тындалды.
Іс-шара аясында кітапхана өміріне белсенді атсалысып, кітапхана ісін үнемі қолдап, аядай мекенімізге қамқорлық таныта білген абзал жандарға алғыс хаттар табыс етілді. Кітапхана басшысы Қ. Бөрібаеваның қолынан қаланың құрметті азаматы, өлкетанушы, ою-өрнек қолданбалы өнер шебері Ш. Байділдин, қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Б.А. Қалтаеваға алғыс хат табысталды.
Белсенді азаматтық ұстанымы бар Шөптібай аға кітапхана мен оның болашағына қатысты өзекті мәселелерді, жастар арасында оқуды насихаттау мәселелерін көтерді.
Қаладағы жасөспірімдер театрының басшысы Н. Қасжанов, кітапхана ісінің ардагері А.Ермағамбетова кітапхана атына құттықтаулары мен жылы лебіздерін білдірсе, біздің бұрынғы оқырмандарымыз –қазіргі музей қызметкерлері атап айтсақ: Нұр-Сұлтан қаласындағы С. Сейфуллин атындағы мұражай қызметкері Елдос Тоқтарбай, Қостанайдағы Ы.Алтынсарин атындағы музейдің ғылыми қызметкері Салтанат Өтелбай, сонымен қатар Аслан Қанғожин өз ризашылықтарын білдіре отырып, бейнеқұттықтаулар жолдады.
Мерекелік кеш барысында жас талантты орындаушы, кітапхана қызметкері Еркінғазы Айтбаевтың орындауында ән шашу, сондай-ақ Гульнур Баязитованың орындауындағы «Асыл арман» әсерлі әні және балалар тобының би миниатюрасы залдағы барлық қонақтардың ерекше ықыласына бөленіп, баршамызға тамаша көңіл-күй сыйлады.

23.05.22 1

23.05.22 1

23.05.22 1

23.05.22 1

23.05.22 1

23.05.22 1

23.05.22 1

23.05.22 1

23.05.22 1

23.05.22 1

23.05.22 1

23.05.22 1