Арқалық қаласындағы №3жалпы орта білім беретін мектебінде қазақтың көрнекті ақыны, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Сырбай Мәуленовтың туғанына 95 жыл толуына орай поэзия кеші өтті.
Кеш шымылдырығын қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Құлжанова Айнұр Хамитқызы «Өмір жолы-өлең өресі» бейнежазбамен ашты.
Қазақ даласы дарындарға қашанда әсте кенде болмаған. Өткен ғасырдың елуінші жылдары қазақ әдебиетінің рухани кемелденуіне өзіндік қолтаңбасымен келген үлкен тіректі тұлғаның бірі- Сырбай Мәуленов.
С.Мәуленов 1922 жылы 17 кыркүйекте Торғай жерінің Тосын бойында дүниеге келген. Сырбай Мәуленов – ұлылар мекенінің тумасы.
Ақын қай тақырыпты жырласа да тереңнен толғап, шабыт желімен толғанып, тебірене шалқиды.Ақынның туған ел, жер тақырыбындағы тамаша өлеңдерін Казина Ақтұрсын, Серікбаева Нұржанат, Қадырқызы Шұғыла, Теміржанов Болат, Құлажан Ақния, Алпысбай Гүлназ нақышына келтіріп, жатқа айтты. Ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстары мен табиғат бояуларын өзек еткен «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнін оқушылар хормен орындап , Әнуарбек Наурыз, Қырықбай Аружан, Шаймерденова Айнұр, Нұрбаев Бағлан «күндей күркіреп өткен» ауыр жылдардың естелігін көз алдымызға елестетті. Сыршыл ақынның ана туралы өлеңдерін Рағатов Талғат, Айтмағанбетов Рахат, Мұратбекова Жанар т.б оқып берді. Сегіз қырлы ақынның тағы бір қыры оның сөз тапқырлығында. Бұл жөнінде «Деген екен» атты бөлімінде, ақынның езу тартар сөздерінен көріністер көрсетіліп, Әнуаров Наурызбектің орындауында «Сұлтанмахмұт қабірінде» өлеңін, Акбарова Сайда ақынға арнаған арнау өлеңін оқыды.
Кеш соңында Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен «Жыр тұлпары, сыр сұңқары - Сырағаң» атты көшпелі кітап көрмесіне шолу жасалынды.
Қорыта айтқанда, Сырбай Мәуленовтың әдебиет әлемінде алар орны зор. Ақын рухы өлмейді, ақын жыры сөнбейді.Оның Сырға толы өлеңдері халықтың жүрегінде.