"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
18.05.2022 ж. «Сырлы өлеңнің Сұлтаны» атты»

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап-ғылыми кітапханасының оқу залында абонемент бөлімі талантты ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына арналған «Сырлы өлеңнің Сұлтаны» атты» поэзия кешін өткізді.
Іс-шарада студенттер мен келген қонақтар ақын Сырбай Мәуленовтың өнегелі өмір жолы мен артына қалдырған бай мұрасы туралы, қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай еңбек еткені үшін алған марапаттары жөнінде мәліметтерді ала отырып, ақынның кейбір өлеңдеріне жазылған әндерін және жазушыны көзі көрген аға буындарымыздың жылы лебіздерін бейнеролик арқылы тамашалады.
Сырбай Мәуленовтың жырлары – әр адамға күш-қайрат, рух беретін өзгеше бір әлем.
Аталған іс-шараға Бирмаканова Жанар Хамитқызының жетекшілігімен Н.Құлжанова атындағы Торғай-гумманитарлық колледжінің студенттері Сәлімжан Гүлбақыт, Сайлаубай Аружан, Төлеміс Нұршат, Болат Ақерке, Сапабекова Нұрай, Мұқан Аяулым, Дерібсалы Ақерке, Жетпісбай Адина Байсалбай Зарина, Фазыл Аружан қатысты.
Кеш соңында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы бастауыш мектеп гимназиясының 2 «а» сынып оқушысы Жақан Нұрислам «Батырлар ұраны» атты ән шырқады. Поэзия кешіне қатысқан қатысушыларға марапаттар мен алғыс хаттар берілді. Іс-шара оқырмандарымызды рухани байытқан кеш ретінде есте қалды

19.05.22 1

19.05.22 1

19.05.22 1

19.05.22 1

19.05.22 1

19.05.22 1