21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Мәдениет пен өнер - қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Халқымыздың бай мәдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтарды жұдырықтай жұмылдыратын мерейлі күн қарсаңында Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихи мұражайының құрылғанына 50 жыл толуына арналған «Ұлы даланың рухани мұрасы» атты мұражай қызметкерлерімен кездесу кеші өтті. Кешке Арқалық қаласының маслихат хатшысы Елтебаева Гүлбану Төкенқызы, мұражай басшысы Асхат Аманжолұлы бастаған музей қызметкерлері және қаламыздың жастары қатысты. Кеш барысында мұражай тарихынан бастап, бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнінде тағылымды әңгіме өрбіді. Мерейлі кешке ән шашуын арнай келген АрМПИ студенті Базар Мүнира мен әріптесіміз Еркінғазының әніне қонақтарымыз қошеметтерін аямады. Сонымен қатар кітапханашылар дайындаған бейне ролик мұражай қызметкерлері мен қатысушы оқырман қауымға пайдалы ақпарат пен танымдық әсер қалдырды деген ойдамыз.
17.05.2022 ж. «Ұлы даланың рухани мұрасы»