"Кітапханалық туризм" жобасы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапхана қызметкерлері 4 мен 6 қазан аралығында, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы көшбасшыларының біріне арналған, 15 қыркүйекте салтанатты түрде ашылған Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты елді мекеніндегі Кейки батыр мемориалына барып қайтты.
Кітапханалық туризм мақсаты – Қазақстанның барлық қызықты мәдени, тарихи көркем көріктілерін, әдеби мұраларын, бару, зерттеу және насихаттау болып табылады.
ҚР ҰАК 10 қызметкерлерінен құрылған, делегация құрамында тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан тарихы бойынша бірнеше кітаптардың авторы - Тұрсын Жұртбай болды. Қонақтар, Кейки-батыр мемориалына барып келгеннен кейін, Арқалық дала өлкесі мұражайы, жас-өспірімдер театры (ТЮЗ), Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, сондай-ақ №2 Арқалық қаласы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың оқырмандармен кездесуін өткізді.
Тұрсын Жұртбай – жеке басы қызықты, колоритті жан, және осы кісімен кездесу, біздің қаланың қоғам өкілдері мен жастарына сый. Оның әңгімелерін іш тарта тыңдалды, өйткені ол өзі туралы, өзінің өмірінде бақытына орай кездескен атақты адамдар жайлы қызықты әңгімелеп берді. Кездесу оларға ұмытылмастай әсер қалдырды. Ал кітапханашылар әріптестерімен өзара тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты нығайту, қарым-қатынасына үлкен ықпал қалдырды.
Кітапхана қоры, Астана қаласы Ұлттық академиялық кітапханасынан сыйға алынған бірегей басылымдармен толықты. Қонақтардың айтуынша, оларды біздің өңірдің және Қазақстанның барлық мәдени, тарихи көркем көріктілерін аралау және зерттеу, әдеби мұраларын насихаттау өте қызықтырады. "Кітапханалық туризм "кітапханашылардың қоғамдық және кәсіптік әр түрлі өмір тараптарын қамтиды. Еліміздің өңірлерді және ТМД елдерінің аралау сапарлар барысында, ҚР ҰАК мамандары кітапханалық іс-шаралар жүргізіп, тәжірибелерімен бөлісіп, олардың тәжірибесімен алмасады, тарихымен, сәулетімен және әр түрлі көрікті жерлерімен танысады. Айта кету керек, "Кітапханалық туризм" жобасы – ҚР Ұлттық академиялық кітапхана қызметіндегі жаңа бағыт. Жоба 2014 жылдан бастап ҚР ҰАК басшысы Үмітхан Мұналбаеваның бастамасы бойынша жүзеге асуда.