"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
22.04.2022 ж. "Творец своей судьбы"

"Творец своей судьбы" атты тақырыпта Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні аясында, өлкенің азаматтарын құрметтеу, насихаттау мақсатында, еңбек ардагері, Арқалық қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының жеке зейнеткері, қаламыздың байырғы тұрғыны, құрылысшы, архитектор Константин Иванович Ишутинның 90 жасына арналған кездесу кеші өткізілді. Кеш Константин Ивановичтің кітап пен кітапханаға деген ыстық ықыласынан басталды. Ол кісі кітапхана ұжымына ризашылығын білдіріп еңбегімізге табыс тіледі. Одан әрі кеш сұрақ - жауап түрінде өрбіп, қонағымыздың өмірі туралы толық мәліметтермен таныстық. Константин Ивановичтың өмірі қиын кезеңнен басталып, соғыс жылдарына дөп келіп, ауыр, қиын уақытты басынан өткізген екен. Мейманымыздың еңбек жолы әңгімеленіп, Арқалық қаласындағы қызметі мен өмірі туралы өз аузынан естідік. Кешке қонағымыздың туған қызы Светлана Константиновна қатысып, өз сөзінде ата-анаға деген махаббат пен сыйластықтың үлгісін көрсетті. Сондай-ақ кеште құрметті қонағымыз, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы сөз сөйлеп, Константин Ивановичтың қала үшін жасаған еңбегін тағы бір мәрте айта отыра, ол кісіге ұзақ өмір мен бақыт тіледі. Кеш соңында кітапхана басшысы Қазына Байсабековна мен өнер секторының меңгерушісі Әлия Қарсақбаевна сөз сөйлеп, қонағымызға алғыс білдіріп, Константин Иванович сияқты оқырмандарымыз көп болсын деген тілек айтылды. Құрметті қарияға сый- сияпат көрсетіліп, иығына қазақтың шапаны жабылды. Кешке көпшілік окырмандар, Арқалық педагогикалық институтының студенттері мен әріптестеріміз атсалысты. Қонаққа арналған арнайы фотослайд көрсетіліп кішкентай оқырманымыз Жақан Нурисламның орындауында "Батырлар ұраны" әні тыңдалды.

25.04.22 6

25.04.22 6

25.04.22 6

25.04.22 6

25.04.22 6

25.04.22 6

25.04.22 6

25.04.22 6