"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Мадияр бауырлар келді

Венгрия «Аударыспақ Хунгари» федерациясының президенті Иштван Бенценің «Жібек жолы» салт атты экспедициясы сапар барысында Арқалыққа аялдады.


Қонақтарды қала басшылығы, зиялы қауым құрметтеп қарсы  алып, қаланың мәдени ошақтарын аралатты.


Иштван Бенце бұған дейін де бірнеше мыңдаған шақырымдарды атпен жүріп өткен. 2009 жылы «Алтын адамнан  Атиллаға дейін» атты экспедиция (6500 км), 2012 жылы «Еуразия» сапары (6000 км).


2016 – 2018 жылдарға арналған «Жібек жолы» сапарының мақсаты Сербия, Болгария, Түркия, Грузия, Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан. Ресей, Моңғолия, Қытай, Оңтүстік Корея мемлекеттерін ат үстінде аралап, ежелгі Жібек жолының даңқын бір жаңғырту.


Бас–аяғы 15 мың шақырымды құрайтын сапар 2016 жылы Венгрияның


О-Сайла қаласынан басталып, Сербия, Болгария елдерін аралап, Қара теңізді кемемен өтіп, содан соң атпен Грузия арқылы Әзербайжан тарихи ауданы саналатын Оғыз өлкесімен (3500 км) тәмамдалған.


Биылғы жылдың мамыр айында сапардың екінші кезеңі жалғасып, Каспий теңізі арқылы кемемен Ақтауды бетке алған. Мажарлықтар Маңғыстау даласын салт атпен көктей өтіп, Өзбекстан өңірінің тарихи орындарын тамашалаған.


«Жібек жолы» тарихи экспедициясы алдағы тамыз айының аяғына таман әлемдік ЭКСПО көрмесі өтіп жатқан Астана қаласына ат басын тіремек. Сөйтіп, мадияр бауырларымыз  Елордада көкпардан өтетін I Әлем чемпионатына қатыспақшы.