"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
21.04.2022 ж. «Ел есінде – Батпаққара ерлігі»

«ZOOM» платформасында Батырлан Сағынтаевпен «Батпаққара көтерілісі» кітабы бойынша сұхбат.

Бүгін кітапханамызда жас өлкетанушы, Республикалық айтыстар мен жыр мүшәйраларының жүлдегері, Қостанай облыстық меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығының иегері, Қазақстан жазушылар мен айтыс ақындары, жыршы термешілердің халықаралық одағының мүшесі, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихи облыстық мұражайының ғылыми қызметкері Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлымен «Ел есінде Батпаққара ерлігі» тақырыбында «Батпаққара көтерілісі» кітабы бойынша сұхбат жүргізілді.

Сұхбат «ZOOM» платформасында арқылы өтті. Әңгіме барысында «Батпаққара көтерілісі» кітабы таныстырылып, тарихтан сыр шертілді. Батырлан Жұмабайұлы Еліміздің басына төнген нәубет жылдар «Батпаққара көтерілісін» зерттеп тарихқа үңілуінің басты себептерін ашып айтты. «Тарихын таныған ұрпақ, тәуелсіздіктің қадірін білері хақ, осы орайда құрастырушы кітап мазмұнына тоқталып өтті. Сондай-ақ осы құнды дүниені жинақтауда ақыл – кеңес беруші, ықпал еткен жандар жайлы сөз қозғалды. Батпаққара көтерілісі жайлы әр кезеңде түрлі тарихшылар мен өлкетанушылар зерттеп жазып жүргені мәлім, яғни дерек көзі ауқымды тақырып сондықтан сұхбат барысында біз осы туындының ерекшелігі жайлы сұрап білдік.

Жинақпен толықтай таныс болдық, алдағы уақытта міндетті түрде оқырмандарға ұсынатын боламыз. Сұхбат сонында жас өлкетанушы келешек ұрпаққа ізгі тілектерін айтты.

21.04.22 1

21.04.22 1

21.04.22 1