"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
19.04.2022 ж. «Білімнің шырағы, сұлулықтың шынары»

Биыл, қазақ руханияты мен мәдениеті тарихында өшпестей із қалдырған, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұнғыш педагог, Нәзипа Сағызбайқызы Құлжанованың туғанына 135 жыл.Осы айтулы датаға орай, оқу залы бөлімі заманынан озық туған, алаштың қайраткер азаматтарының бірі Нәзипа Сағызбайқызы Құлжанованың өмірін үлгі етіп, шығармаларын насихаттау мақсатында «Білімнің шырағы, сұлулықтың шынары» атты портрет кешін өткізді. Кешке қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері мен ұстаздары қатысты. Нәзипа киелі Торғай жерінде дүниеге келіп, білім алса, қазақтың талай зиялыларын қанаттандырып ұшырған білім ұясы Семейде қазақ жастарының білім алуына септігін тигізді. Кеш барысында Абай музейімен байланысқа шығып Н.Құлжановаға арналған бұрышты экран арқылы тамашалады.

20.04.22 1

20.04.22 1

20.04.22 1