"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
18.04.2022 ж.

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні. Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.

Осы күнге орай 18-22 сәуір аралығында Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасында «Торғайда туғаныма мақтанамын!» атты кітап апталығы өз жұмысын бастады.

Кітап апталығының бірінші күнінде ақын Нұрхан Ахметбековтың 120 жылдығына арналған «Торғайдың топтан озған дүлділі» атты әдеби-музыкалық қонақжаймен ашты. Іс - шара оқушыларға ақын, жерлесіміз, Жангелдин ауданының тумасы, композитор, әнші, домбырашы, айтыскер ақын Нұрхан Ахметбеков тұлғасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Іс-шараға Дала өлкесі мұражайының ғылыми қызметкері Батырлан Сағынтаев қатысты. Оның энциклопедиялық білімі, туған өлкесін зерттеуі,туған өлкеміздің ақындарының өмірбаяндары үлкен сұранысқа ие және оқырмандардың әрдайым жүрегіне жанды үн қосады. Батырлан Нұрхан Ахметбековтың елінің мұңы мен қуанышын жырға қосқан айтыстары туралы өте қызықты мәліметтерімен бөлісті.

Ақын Торғай өңірінде алғашқы ауданаралық театр құрып, оның тұңғыш директоры болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жалынды жырларымен халықтың жігерін жандырып, жеңіске деген үмітін оятқан ақын. Н.Ахметбеков классикалық шығыс үлгілерінің желісіне орайластырып бірнеше дастан шығарған. «Мың бір түн» ертегісінің оқиғасына байланыстырып «Қамарлы заман», «Албан Жұпар ханым», өткен кезеңдердегі тарихи оқиғалар сюжетіне «Есім сері», «Қарға» дастандарын жазды. Ақынның ұзақ жылдар талмай жырлаған сүйікті кейіпкері — Амангелді батыр бейнесі. «Үрпек соғысы» өлеңі кейін «Амангелді» дастанына ұласты.

Іс – шарада ақынның өлеңдері оқылып, кітаптарына шолу жасалды. Жерлесіміздің кітаптары үлкен сұранысқа ие және әрдайым өскелең ұрпақтың қызығушылығын тудырады.

19.04.22 1

19.04.22 1

19.04.22 1

19.04.22 1

19.04.22 1

19.04.22 1