"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
13.04.2022 ж. «Сұлу сөзбен сырлы мінез»

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында көрнекті қаламгер, драматург, Қазақстанның халық жазушысы Сафуан Шаймерденұлының 100 жылдығына арналған «Сұлу сөзбен сырлы мінез» тақырыбында «Кітап әлемі» жоба аясында әдеби сағат өткізілді. Әдеби сағатта өнегелі өмір жолы мен артына қалдырған бай мұрасы, қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай еңбек еткені үшін алған марапаттары жөнінде мәліметтер беріліп, жазушыны көзі көрген аға буындарымыздың жылы лебіздерін бейнеролик арқылы тамашалады. Іс-шарада Н. Құлжанова атындағы Торғай-гумманитарлық колледжінің студенттері Сайлаубай Аружан, Мұқан Аяулым, Дерібсалды Ақерке жазушы жайлы зерттеуші ғалымдардың пікірлеріне тоқталды. Әдеби сағатымыздың соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

13.04.22 1