"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
12.04.2022 ж. «Батыр – елдің қорғаны»

Кенесары ханның сенімді серігі, тарихи тұлға, тәуелсіздік жолындағы күрескер батыр Жәуке Назарғұлұлының туғанына биыл 200 жыл. Батыр бейнесі адамзат үшін өмірдегі ұлылыққа, шындыққа және адамгершілікке деген биік сенімді орнықтырады. Осыған байланысты оқу залы бөлімі «Батыр – ел қорғаны» атты тарихи кеш өткізді. Кешке Арқалық қаласының құрметті азаматы, белгілі өлкетанушы Шөптібай Байділдәұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғабпасұлы, батырдың тікелей ұрпақтары Еркетай апай мен Өміртай ағамыз, «Дала өлкесі тарихы» мұражайының ғылыми қызметкері Батырлан Сағынтаев қатысып, есімі ұрпақтарына ұран болған Жәуке батырдың шыққан тегі мен ерліктері жайында сөз етті. Республикалық байқаудың жүлдегері, ұстаз Қазымбек Қуаныш әйгілі Нұрхан ақынның «Ұры қарға» дастанын орындап берді.

12.04.22 1

12.04.22 1

12.04.22 1

12.04.22 1