Абонемент бөлімі көрнекті қазақ жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, ұлттық драматургияның негізін қалаушы, аудармашы, тарихшы, сыншы, әдебиеттанушы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай әдеби кеш өткізді.
Бұл іс-шара биылғы жылы біздің кітапханада өтетін Мүсірепов оқулары аясында өтті. Мүсірепов оқулары жазушының мұрасын кеңінен насихаттау және тарату, қазақ әдебиетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, әдебиеттік оқудың жас дарындарын анықтау мақсатында өткізіледі.
Мүсірепов оқулары аясында біздің бөлімде жыл басынан бері белгілі жұмыстар жүргізілуде: жазушының 120 жылдығына орай "Мүсірепов шығармашылығының даралығы" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының шығармашылығы туралы әңгіме, викторина, әдебиеттерге шолу жасалып, бейнеролик жасалды.
"Тұғыры биік тұлға" тақырыбындағы атты әдеби кешке Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі, медициналық колледж және экономика және құқық колледжінің студенттері шақырылды.
Жазушының өмірбаяны және шығармашылығымен танысқан студенттер жазушының "Қазақ солдаты", "Ана туралы аңыздар", "Ер Ана", "Ақлима" шығармаларынан үзінділер оқып, оның атақты "Қызқарағай"әнінің шығу тарихымен танысты. Студенттер Ғабит Мүсіреповке арналған арнау өлеңдерін : М.Мақатаевтың "Ғабаңа", Ғ. Қайырбеков "Сағындым Ғабеңді" оқыды. Мүсірепов шығармаларын оқуға Арқалық медициналық колледжінің студенті Елеусизова Ақерке, экономика және құқық колледжінің студенті Қалдыкерім Ақниет, Н Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері белсене қатысты: Сәлімжан Гүлбақыт, Сайлаубай Аружан, Әбдібекова Гауһар, Мұқан Аяулым, Сейітбекова Ақерке, Дерібсалды Ақерке, Баженова Динара, Байсалбай Зарина.
Кешке қатысушылар өздеріне рухани байлық алып, жазушы Ғабит Мүсрепов жайлы көптеген деректермен таныс болды.
Ғабит Мүсіреповке арналған іс шаралар әліде болашақта жалғасын табады.