Өнер секторының ұйымдастырумен Халықаралық театр күніне арналған "Театр - елдіктің белгісі" тақырыбында қонақжай өтті. Іс-шара қонағы Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының әртісі - Сейдахметова Ұлжалғас Бөленгенқызы. Сұрақ-жауап түрінде өткен шарада, әртістің өмірдерегі, алғашқы ойнаған рөлі, сомдаған жағымды және жағымсыз кейіпкерлерлері туралы білдік. Ұлжалғас Сейдахметова тек әртіс қана емес, дәстүрлі әнші екен. Ол кісінің орындауында киелі қара домбыраның сүйемелдеуімен қазақтың халық әндерін тыңдадық. Іс-шараға Арқалық педагогикалық институтының филология факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Студенттер тарабынан көп сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар айтылды. Қонақтарға арнап студенттер атынан бір ән орындалды. Кеш өте тартымды, жылы жағдайда өтті.
30.03.2022 ж. Театр - елдіктің белгісі