"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
17.03.2022 ж. "Назданып, Наурыз келді байтақ елге!"

Наурыз мейрамы қарсаңында Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының өнер секторының ұйымдастырумен "Назданып, Наурыз келді байтақ елге!" атты әдеби-музыкалы композиция өткізілді. Жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі Наурыз мейрамының тарихы айтылып, халқымыздың мәдениеті, өнері, салты мен дәстүрі сөз болды. Іс-шараға қалалық "Қазына" ардагерлер хорының қариялары қатысып, жиналған жастарды ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, уақытты бағалауға, кітап оқуға шақырды. Секторда мерекелік этнокөрме әзірленіп, ұлттық нақыштағы қолөнер, зергерлік бұйымдар мен әдебиеттер көпшілікке ұсынылып, насихатталды. Ұлттық дастархан жайылып, оқырмандарға наурыз көжеден дәм татқыздық. Дәстүр бойынша бата беріліп, Наурыздың құрметіне кішкентай оқырмандарымыздың орындауында патриоттық әндер айтылып, жақсы көңіл күймен тарқастық.

18.03.22 1

18.03.22 1

18.03.22 1