"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітапхана түні – 2017 оқу залында»

Арқалық қаласындағы №2 обдыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы «Туған жерге деген сүйіспеншілікпен...» атты тақырыпта өткен кітапхана түні акциясы түрлі шараларға толы болды. Мәселен, оқу залы ұйымдастырған шаралардың басын туған жердің танымал ақыны Сырбай Мауленовтың 95 жылдығына арналған «Қазақ жырының тұлпары» атты жыр кеші бастады. Кеш барысында жиналған жұрт Сырбай ақынның сырлы өлеңдерімен сусындап, ақынның өмір жолы және шығармашылық жолындағы  тамаша еңбектерімен танысты. Сондай-ақ ақын жайлы естеліктер бейне жазбадан тыңдалып, ақынның соғыс, табиғат сырларына толы  сырлы өлеңдері жастардың орындауында мәнерлеп жүрекке жетіп жатты. Кеш соңын ала биылға байқауға қатысып отырған  ақынға арналған «Сырбайдың  сырлы әлемі» атты кітап көрмесіне келушілердің назарын аударып шолу жасалды.

 

                    

 

Оқу залының одан кейінгі шаралары «Түнгі дүние төртбұрышы» атты тақырыпты жамылып зал терезелері қараңғы түн түрінде қапталып, түнгі аспанда ай мен жұлдыздар жарқыраған көрініске кірді. Осылайша терезе түнгі аспан мен жұлдыздар түрінде безендендірілді. Осылайша түн мен көмкерілген залдың төрт бұрышында төрт іс шара ұйымдастырылып өткізілді. Олардың бірінщісі бір бұрышқа орналасқан «Жыл жаңалықтары» атты айдармен өткен әдеби-лото болды. Бұл әдеби-лото арқылы аты айтып тұрғандай лото ойнатылды. Келушілер дорбадан алған лотоларының сандары арқылы сөредегі самсаған сандар көрсетілген түрлі пішіндегі сәйкес сандар арқылы сұрақ алып жауабын таба білгендер түрлі сыйлықтарға қол жеткізіп жатты. Әсіресе жастар жағы  көп жиналып лотоның қызығына батып , сұрақтарға таласа жауап беріп сыйлық алып көңілді бір күй кешті деуге боларлық болды. Аты айтып тұрғандай, сұрақтар тек биылғы 2017 жылғы жыл жаңалықтарына ғана құрастырылды. Сондықтан болар жастар жыл жаңалықтарына  жарыса жауап берісті.

 

                    

 

Екінші бұрыш «Керемет кеңес – таңғы елес» деп аталатын керім-киоск жұмыс жасады. Бұл керім-киоскнің қызметі қызықты мерзімді басылымдар,яғни газет, журналдарды түгелдей жайып қойып  келушілер назарына ұсынылады. Газет-журналдарды қарай отырып ұнаған кеңестер немесе жақсы бір мақалалар, пайдалы рецептер т.б оқырмандардың қалауына қарай тегін түрде басып көшірмесін қолдарына береді. Әсіресе үлкен кісілер денсаулыққа байланысты пайдалы кеңестерді көптеп бастырып алып, алғыстарын айтып жатты.

 

                    

 

Оқу залы ұйымдастырған түнгі дүниенің үшінші бұрышы  «Ақпаратты қанып іш: сұрақ сізден жауап бізден»  деген айдармен ұйымдастырхан қымызхана болды. Бұл «Қымызханаға» келушілер өздеріне белгісіз сұрақтардың жауабын кітапханашаға қояды. Келушілер қызықты қымызханадан сұрақтарына жауап алып қана қоймайды, сонымен қоса қымыз ішіп ақпараттан шөлін қандырып қайтады. Дәстүрден тыс жұмыстың бұл түріне тек келушілер ғана емес, әріптестеріміз де қызыға қарап қымыздан қанып ішіп тарасты.


Әрине, төртінші бұрыш биылғы «Бір ел- бір кітап» акциясына арналды. Бұл да ел болып оқып жатқан шығарманы насихаттаудың шебер бір шыңы деуге толық дәлел.

 

                    

 

«Бір ел – бір кітап -2017» деген тақырыпты ту еткен бұл бұрышта арнайы акция-викторина өткізілді. «Сіз Сұлтанмахмут шығармаларын оқыдыңыз ба?» атты акция – викторина арқылы  Жыл кітабы болып отырған Сұлтанмахмут Торайғыровтың шығармалары бойынша викториналық сұрақтар ойнатылып жақсы жауап берген оқырмандарға сыйлықтар табыс етілді. Осылайша қызықты ойын сұрақ арқылы Сұлтанмахмуттың щығармалары мен өмір жолы жайлы мәліметтер насихатталды.


Міне, оқырман қауым осы аталған кітапханалық жұмыстың түрі алуан болғанымен де айтары мен алар асуы бір екенін сезіп отырған боларсыздар. Ол әрине, кітап оқуға шақыру, білім биігіне жас ұрпақты жетектеу.  Кітап арқылы туған жерді тану, тарихы мен мәдениетін, әдебиетін насихаттау. Сондықтан да оқу залы бөлімінің осы жасаған жұмыстары мақсат межесінен көріне білді дейміз.