"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
16.03.2022 ж. Ата салтым – асыл мұрам, ардағым

16.03.22 3

Ұлыстың ұлы күні және 16 наурыз - Шежіре күніне орай Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залының ұйымдастыруымен «Ата салтым – асыл мұрам, ардағым» атты этно танымдық кеш өтті. Кешіміз құрметті қонақтарымыз Шөптібай Байділдәұлы мен Жәнібек Ғаббасұлының жастарға тамырын тереңнен тартқан Шежіре туралы ой саларлық әңгімесінен басталды. Қазақтың ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерін жаңғырту мақсатында АрПИ білім алушылары мен кітапхана қызметкерлері «Жеті ата», қазақтың ұмыт қалып бара жатқан «Біз шаншар» мен «Селт еткізер» дәстүрін шеберлікпен көрсете білді. Қоспанова Мадина мен Базар Мүнираның салған әндеріне жиналған қауым қошеметпен қол соқты. Кештің жақсы өтуіне атсалысқан Ринат пен Назылы, Әсет, Айлен, Алмас, Ақырыс сынды жастарымызға жұртшылық ризашылықтарын білдірді. Кеш барысында тақырыптық көрмедегі ұлттық жәдігерлеріміз бен құнды кітаптар таныстырылды. Наурыздың басты тағамы Наурыз көже таратылып, ақсақалымыз бата беріп тарқасты. Қатысқандар саны : 56