Торғай топырағынан түлеп ұшып, барша қазаққа пайдалы іс атқарған азаматтарымыздың бірі де бірегейі белгілі жазушы – этнограф, қолөнер шебері Сейіт Кенжеахметұлының «Ұлттық әдет – ғұрыптың беймәлім 220 түрі» атты танымдық-тағылымдық кітабы тәуелсіз елдің мүддесіне қызмет етуде. Кітап ұстаз – шәкірттердің қалың қауымының бірден бір оқулық құралына айналды. Халқымыздың тарихы мен мәдениетін, салт – дәстүрін терең білетін және оны көпшілікке насихаттауда қызықты әрі құнды еңбектер жазып, арнаулы жеке мектеп ашқан санаткер.
Кеште фольклорлық интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылып, кітаптарына шолу жасалды. Сейіт Кенжеахметұлы ата-бабаларымыздан мұраға қалған мыңдаған мәдени құндылықтарды бүкіл саналы ғұмыры бойы тірнектеп жинап жүрген ұлт жанашырларының бірегейі. Әр қазақстандық автордың осы құнды еңбектерін көзінің қарашығындай сақтап, мақтан тұтып, рухани азығы, ел байлығын құрайтын дүние ретінде бағаласа дейміз.