"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
11.03. 2022 ж. "Талантымен танылған дарын"

Өнер секторының ұйымдастырумен қазақ өнерінің көрнекті өкілі, профессор, композитор Бақытжан Байқадамовтың 105 жылдығына арналған "Талантымен танылған дарын" тақырыбындағы тұрақты көрменің тұсау кесер рәсімі өтті. Іс-шараға композитордың тікелей ұрпағы, жиені Таткенова Жұпар Жалмұханбетқызы қатысып , әулеттерінің, оның ішінде Бақытжан Байқадамовтың өміріне байланысты құнды деректерімен бөлісті. Бұдан бөлек, сазгердің шәкірттері, шәкірттерінің шәкірттері сөз алып, естеліктер айтылды. Жергілікті Бақытжан Байқадамов атындағы саз мектебінің оқушылары жерлесіміздің әндерін шебер орындап, кездесудің мерейін асырды. Арнайы дайындалған тұрақты көрмеге шолу жасалып, көпшілікке насихатталды.