Ардақты аналарымыз, аяулы аруларымыздың мерекесі қарсаңында, өнер секторының ұйымдастырумен "Ана - өмір бастауы!" атты әдеби-ауен кеш өткізілді. Кеш барысында ардакты аналарымызға, қымбатты әжелерімізге, аяулы қыздарымызға арналған Фариза Оңғарсынова, торғайлық ақын Сырбай Мәуленов, Төлеген Айбергеновтың өлеңдері окылды. Көктем мерекесінің тарихы айтылып, тарихта қалған қазақ аруларының есімдері аталды. Кешке Арқалық педагогикалық институты мен жергілікті Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері мен ұстаздары атсалысты. Әннен шашу шашылып, мерекелік көңіл-куй сезілді.
04.03.2022 г. "Ана - өмір бастауы!"