"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
03.03.2022 ж. «Әйел - отбасында шуақ, қоғамда тірек» имидж студиясы

Мақсаты: болашақ ұрпаққа дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, ананы қадірлеп сыйлай білуге тәрбиелеу, жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген үлгі тұтар нәзік жандарға құрмет көрсету, қазіргі қоғамдағы әженің, ананың, қыз-келіншектердің рөлін ашық әңгімелеу. Бұл іс-шараға зейнеткер ұстаз, ҚР Білім үздігі, Арқалық қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Қалтаева Бақытжамал Аяғанқызы, қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның басшысы Кисикова Ақтоты Жанараловна, блогер ана, жас келін Динара Ғалымжанқызы және политехникалық колледжінің студенттері қатысты. «Анаға тағзым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.