"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
03.03.2022 ж. «Әйел деген әдемі ғой, әдемі»

Сұлулықтың, нәзіктіктің және сүйкімділіктің символына айналған 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне орай, облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінде «Әйел деген әдемі ғой, әдемі» атты арнайы дайындаған кітап көрме- арнау оқырмандарға ұсынды. Кітап көрменің басты мақсаты – қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлін, әйел-ана, әйел-әже екенін көрсету. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандық - бәрі әйел. Ана... бар болғаны үш әріп. Дүниедегі ең қымбат сөз. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды». Расында да анамыз барда біз өзімізді әлі де сәбидей, қорғаны бар балапандай, аспаны бар жұлдыздай, көктемі бар желдей, жазы бар жайнаған гүлдей, күзі бар жаңбырдай, қысы бар қардай сезінеміз. Сыйлаймыз, құрметтейміз, еркелейміз. Көрмеге кітапхана қорынан 30-қа жуық әдебиеттер: «Ұлы даланың ұлы қыздары», С. Ақтаевтың «Қазақ ханымдары», «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар», Б. Қасымованың «Қазақстанның қыздары – Ұлы Отан соғысы жылдарында», Ф. Онғарсынованың, М. Айтхожаның, С. Досжанның кітаптары, ана туралы фотоальбомдар, аналарымызға арналған журналдар қойылды. Қымбатты, нәзік, аяулы әйелдер! Сіздерді көктем мерекесі, сұлулық пен махаббат мейрамы - 8 наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн  Сіздерге тамаша көңіл-күй сыйласын, барлық тілектеріңіз орындалсын!  Көрме сәуір айының 1жұлдызына дейін жалғасады.