Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханамыздың ұйымдастыруымен «Сәби-Арқалық» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің қазыналы қарттарымызға алғысымызды білдіру мақсатында «Алғыспен ел көгерер» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада әжелер мен аталарымыз бір–біріне алғыстарын, жүрекжарды тілектерін, лебіздерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Қарттарға арналған алғыстарын ән шашумен білдірді. Іс-шара барысында мектеп оқушыларының қатысуымен «Қырғыз бен Грузин» айтысын және өзбек биін тамашалады. Кеш соңында ризашылықтарын білдіріп баталарын берді.
