Қазақстан Республикасы дана қарияларды сыйлап, еткен еңбектері мен еліне сіңірген қызметтерін бағалап, жыл сайын 1 қазанда – «Қартар күні» деп мерекелеуді қолға алған болатын. Осы мерекеде елімізде қадірлі қариялар – ардагерлерді аялап, құрметтеп, сый-сиапат жасап, атап өту басты міндетке айналды.
Осы мақсатта №2 ОӘҒК, Өнер секторында «Ардагерлер – тұнған шежіре!» тақырыбында мерекелі дастархан жайылды. Алдын-ала бөлімге мерекелік дайындық жүргізілді. Фото-слайд жасалды, ардагерлер, қазыналы қариялар жайлы дана сөздер жазылып, көрнекі жерлерге ілінді. Шарлар ілініп, гүлдер қойылып көркемделді.
Бүгінде кітапхана қабырғасынан зейнеткерлікке шыққан он бес ардагерлеріміз мерекелі дастарханға шақыру билеті таратылу арқылы шақырылды. Шақырылған қонақтардың арасында көп жыл кітапханаға еңбектері сіңген ардагерлер: Сакенова Т.Т., Шпехт И.И., Есембаева К.О., Ермағанбетова А.М., Ершова Е.И., және Ажигулова Р.М., Бермағамбетова Г.И., Рысмамбетов Қ.И., Нұрманова А.Ж., Сығаевалар болды. Мерекелі дастархан үстінде ардагерлердің жастық шақтарын, кітапхана ісін ұмытпай естеріне түсіру үшін зергерлік, шешендік, дәстүрлі тақырыптарды қамтитын ойындар ойнатылып, сұрақ-жауап викториналар жүргізілді. Құрметті қонақтардың өткізілген ойындарда белсенділік танытқандарына сый-сыйапаттар жасалды. Ардагерлер көңіл-күйлерін көтеру мақсатында әндер айтылып, көркем сөздер оқылды.Қонтармен өткізілген іс-шара екі тілде жүргізілді. Мерекелі дастархан соңында Кітапхана ұжымы және кәсіподақ ұйымы атынан құрметті ардагерлерге сый-сыйапат жасалып, ардагерлер ризашылықтарын алдық.
1 қазан – Қарттар күніне арналған мерекелік дастархан Кітапханада өткізілген «Кітапхана түні» іс-шарасын бағытқа ала отырып жүргізілді.