Төл тарихымызда орын алатын Алаштың ардақтысы , Ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, ғұмыры мен шығармаларын насихаттау мақсатында «Ұлылар мұрасы – ұрпаққа өнеге» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті. Іс-шараға Арқалық қаласының құрметті азаматы, белгілі өлкетанушы, оюшы Шөптібай Байділдәұлы, Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының доценті, аға оқытушысы, Абдуллина Ардақ Әмірханқызы, «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жүнісов , ҚР білім беру ісінің үздігі, ұстаз Қарлығаш Жақыпбекқызы қатысты. Шөптібай Байділдәұлы Алаш ардақтысының өмірінен сыр шертсе, ұстаз Ардақ Әмірханқызы Ахметтану ғылымы жөнінде ойларымен бөлісті. Сондай-ақ Ахметтің осы кезеңге дейін халық әні аталып келген «Аққұм» әні Қарлығаш Жақыпбекқызының орындауында көрерменге жақсы әсер қалдырды. Іс- шара барысында Торғай мұражайлар кешеніне қарасты Ахмет пен Міржақып мұражайына жасалған тақырыптық экскурссиядан оқырмандар мол мағлұмат алды.