"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
23.02.2022 ж. «Алаш арыстарының нағыз жоқтаушысы»

«Алаш арыстарының нағыз жоқтаушысы» жазушы, журналист Қайсар Әлім 75 жаста Белгілі жазушы Қазақстан Журналистика академиясы «Алтын Жұлдыз» сыйлығының және М.Дулатов атындағы сыйлықтың иегері Қайсар Әлімнің 75 жас мерейтойына арналған «Алаш арыстарының нағыз жоқтаушысы» атты абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттер үйінде әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында студенттерге ақынның өмірі, шығармашылық, қызметтік жолдары, сондай-ақ ақынның марапаттары мен жүлделері жайында ақпарат берілді . Кеште Қайсар Әлім туралы әріптес лебіздерінің бейнежазбасын тамашалады және студент қыздар Қонарбай Жібек жазушыға арнаған арнауларын оқыса, Нағашыбай Гүлсезім күнделік беттерінен үзінділер оқыды . Кеш соңында Бейсенбек Амандықтың орындауында «Туған жер» әнін тыңдап, студенттер кітап көрмесін тамашалап, іс-шарадан мол мағлұмат алып, ыстық ықыластарын білдірді.