"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
15.02.2022 ж. «Ұрпаққа ұран болған» ерлік сағаты.

Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдынды бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер, ардақты ағалар, аяулы әкелер жазықсыздан жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар өздеріңдей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген ниетпен ауған соғысының ардагері Молдашев Қапжалел Өмірбекұлымен кездесу өтті.Іс –шара барысында ардагер ағамыз өмірбаны мен өзі соғыста куә болған естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар оқырмандарымыз ауған соғысы туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, патриотты әндер шырқады.Кеш соңында қонағымызға алғыс білдіріп, сыйлық табыс етілді. «Ауғанның отты жалыны» атты кітап көрмесімен таныстырылды.